БҚО стационарында коронавируспен жатқан жалғыз науқастың жағдайы ауыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысындағы инфекциялық стационарда коронавирустан емделіп жатқан бір адам ғана қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО стационарында коронавируспен жатқан жалғыз науқастың жағдайы ауыр

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, 200 төсектік модульдік ауруханада жатқан науқастың жағдайы ауыр. Ол жансақтау бөлімінде, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Облыс бойынша пандемия басталғаннан бері 49654, соның ішінде биыл 9584 адамнан індет табылды. Ал, соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған адам тіркелген жоқ.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, өңірде 275616 адам вакцина салдырды. Бұл – жоспардың 66,5 пайызы. Соның 265687-сі (64,1 пайыз) екінші компонентпен егілді.

Облыс бойынша 74911 адам ревакцинациядан өтті. Pfizer вакцинасын 11162 адам алса, оның 422-сі – жүкті әйел, 4951-і – бала емізетін ана, 5774-і – жасөспірім, 15-і – мүгедектігі бар тұрғын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 73 мыңнан астам адамның ревакцинациядан өткенін жазған болатынбыз.