БҚО тұрғыны 3,4 тонна өзен шаянымен ұсталды

ОРАЛ. KAZINFORM – БҚО полиция департаментінің табиғат қорғау полициясы қызметкерлері Самара-Шымкент жолында «ГазЕЛЬ» автокөлігін тоқтатты.

Шаян
Фото: ШҚО ПД

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Орал қаласының 40 жастағы тұрғыны айдап келе жатқан автокөліктен 3 тонна 421 килограмм өзен шаяны табылды.

- Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 196-бабы 1-бөлігіне (көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктiиемдену немесе өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған бап бойынша айыпталған адам мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. Бүгінгі таңда оқиғаның жай-жапсары, шаянның бағасы анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 17 жастағы қостанайлық жасөспірімнің есірткімен ұсталғанын жазған болатынбыз.

 

 

Соңғы жаңалықтар