БҚО тұрғыны ауылдасын өлтіріп, өртеп жіберген

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғын ауылдасын өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Теректі ауданы Жаңаөмір ауылында болды.

Марқұмның мәйіті 2 маусым күні шамамен сағат 02.20-да табылған.

«Аталған қылмысқа күдікті ретінде бұрын сотталған 62 жастағы ер адам ұсталды. Ол 31 мамыр күні өз үйінде 66 жастағы тұрғынмен ішімдік ішіп, кейін араларында жанжал туындаған. Содан пышақ жарақатын алған 66 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Күдікті жасаған әрекетін түсініп, айғақтарды жою үшін үйінің ауласында марқұмның денесін өртеп жіберген.

Жоғалу дерегі бойынша туыстары жәбірленушіге іздеу салады. Полиция қызметкерлері өртенген мәйіттің қалдықтарын күдіктінің ауласын тексеру кезінде тапты. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабына (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар
telegram