БҚО тұрғыны өзбекстандықтарды заңсыз түрде Ресейге өткізгені үшін сотталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Өзбекстан азаматтарын заңсыз түрде Ресей шекарасынан өткізгені үшін сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

Орал қалалық сотының шешімімен Өзбекстан азаматтарын Ресейге заңсыз өткізу ісін ұйымдастырған И.Шведюк ҚР ҚК-нің 394 бабы, 2 бөлімі бойынша кінәлі деп табылды және оның 2 жылға бас бостандығы шектелді. Шведюк биылғы жылдың 18 сәуірінде белгісіз адамдармен келісе отырып, Өзбекстанның 5 азаматын Қазақстан-Ресей шекарасына дейін жеткізіп тастаған. Бұдан соң Қазақстан азаматтары Ремешев пен Дьяконов Өзбекстандықтарды Ресейдің Орынбор облысының 1 май ауданына жеткізген. 


Алайда олардың барлығын 19 сәуір күні Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметінің шекарашылары ұстап алған. Сот үкім шығару барысында Шведюктің орта деңгейдегі қылмысты алғаш рет жасағандығын ескерді. Үкім күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар