БҚО тұрғыны жедел жәрдем көлігін ұрлап мініп, қоршауға соғылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО тұрғыны жедел жәрдем көлігін айдап кетіп, қоршауға соғылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Бәйтерек ауданында болды.

«Аяғын жарақаттап алған 31 жастағы ауыл тұрғыны жедел жәрдем шақырған. Медицина қызметкерлері оны ауруханаға апарып, көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберген. Ауруханадан шығып, жедел жәрдем көлігін көрген жігіт көп ойланбастан оның руліне отырып, тартып кетеді. Алайда бірнеше метр жүргеннен кейін мектептің қоршауына соғылып, тоқтайды. Жүргізуші оны ұстап алғанымен, сытылып шыққан тұрғын қоршаудан секіріп, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кетеді. Қазіргі кезде келтірілген шығын анықталып, аталған тұрғын іздестірілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал тұрғыны есірткі салынған пакетті жұтып қоймақ болғанын жазған едік.




Соңғы жаңалықтар