БҚО тұрғынынан киіктің мүйізі үшін 11 млн теңге өндіріледі

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазталов аудандық сотының 11 қазан күнгі үкімімен М. деген тұрғын ҚР ҚК 339-бабына сәйкес айыпты деп танылып, оның 1,6 жылға бас бостандығы шектелді.

БҚО тұрғынынан киіктің мүйізі үшін 11 млн теңге өндіріледі

Оған қоса БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының талап-арызы толықтай қанағаттандырылып, аталған азаматтан мемлекет пайдасына 11 млн-нан астам теңге өндірілді.

Сот талқысында белгілі болғанындай, М. Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылына қарасты «Бөгет қыстағы» маңынан пакетке салынған 26 дана киік мүйізін тауып алып, өзімен бірге Қазталов ауданы Қошанкөл ауылына алып келіп, заңсыз сақтаған. Содан кейін оны сатып, пайда табу мақсатында Subaru Legacy  автокөлігімен Оралға шыққан бетте аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қолына түскен.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, қазіргі кезде осы сотта киікті заңсыз аулағандардың ісін қарау жалғасуда.