БҚО тұрғынының мал қорасынан 42 дана киік мүйізі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұрғынның мал қорасынан 42 дана киік мүйізі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-дан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш дерек кең ауқымды «Киік» іс-шарасын өткізу барысында анықталды.

«Охотзоопром» инспекторлары Жәнібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар кезінде 13 желтоқсан күні сағат 21.25-те Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылында тұратын тұрғынның мал қорасынан 42 дана киік мүйізі шықты.

Табылған мүйіздер сот-биологиялық сараптамаға жіберілді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда киікті қорғау шаралары күшейтілгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар