03:44, 02 Қазан 2015 | GMT +5
БҚО ТЖ департаменті қарияларды мерекелерімен құттықтады (ФОТО)
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО төтенше жағдайлар департаменті өкілдері Қарттар күніне орай 45 ардагердің үйіне барып, құрмет көрсетті.
Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, құрамында мекеменің ардагерлері, кадрлық жұмыс бөлімі қызметкерлері, бөлімшелер басшылары бар топ қарияларды мерекелерімен құттықтап, ақшалай сый-сияпаттарын тапсырды.
Мұндай шара департаментте игі дәстүрге айналған. Аталған ардагерлердің басым көпшілігі қоғамдық-саяси өмірге, кейінгі жас буынды отаншылдық рухта тәрбиелеуге белсене қатысып келеді. Олар өздерін елеп-ескергені үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, өңірде Қарттар күніне орай шаралар қала мен ауылдарда да өтуде.