14:09, 27 Қаңтар 2025 | GMT +5
БҚО ТЖ департаментінің бастығы қызметінен босатылды
ОРАЛ. KAZINFORM — БҚО ТЖ департаментінің бастығы Руслан Қасыбаев қызметінен кетті.

Р.Қасыбаевтың өзінің өтініші бойынша қызметінен босағанын БҚО ТЖ департаменті растады.
Департамент бастығының міндетін атқарушы қызметін уақытша Жанболат Жаншин атқаратын болады.
Руслан Қасыбаев аталмыш қызметке өткен жылдың ақпан айында тағайындалған еді. Оған дейін Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы лауазымында болған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Руслан Қасыбаевтың БҚО ТЖ департаментінің бастығы міндетін атқаратынын жазған болатынбыз.
Сонымен қатар, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ауысқанын хабарладық.