БҚО ветеринария басқармасына жаңа басшы келді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Серік Базарұлы Нұрмағамбетов БҚО ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ветеринария басқармасына жаңа басшы келді

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, С.Б.Нұрмағамбетов 1961 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1987 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын, 2003 жылы Батыс Қазақстан «Еуразия» тілдер және басқару институтын бітірген.

Серік Базарұлы еңбек жолын 1978 жылы Орал электр жүйелері кәсіпорнының электромонтері болып бастады. Әскер қатарында және студент болған жылдарды қоспағанда, 1979-1994 жылдары Қаратөбе ауданында негізінен ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен. 1994-1999 жылдары Қаратөбе аудандық малдәрігерлік бекетінің бастығы, 1999-2006 жылдары ҚР АШМ Қаратөбе аудандық аумақтық басқармасының бастығы, 2006-2008 жылдары ҚР АШМ Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясының бастығы, 2008-2012 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2012-2014 жылдары Теректі ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2014-2016 жылдары Теректі ауданы әкімінің орынбасары болды. 2016 жылдан БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.