БҚО: Зеленов ауданының атауы Бәйтерек болып өзгерді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысындағы Зеленов ауданының атауы Бәйтерек болып өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО: Зеленов ауданының атауы Бәйтерек болып өзгерді

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №855 қаулысына сәйкес БҚО-дағы Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталатын болды.

Осыған орай бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов ауданда болып, ардагерлер, жастар және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, жұртшылықты қуанышты оқиғамен құттықтады.

Өңір басшысы Елбасы тапсырмаларына орай облыста көптеген жұмыстар жасалғанын атап өтті. Соның ішінде ауданның үстімен өтетін Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолы пайдалануға берілді. Жол салу, су, газ құбырын тарту жұмыстары биыл да жалғасады.