БҚО: Жымпитыдан Ақтөбе облысының аумағына дейінгі жолға шектеу енгізілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Күшті аязға байланысты Батыс Қазақстан облысында автокөлік жолына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО: Жымпитыдан Ақтөбе облысының аумағына дейінгі жолға шектеу енгізілді

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Самара-Шымкент күре жолы бойында Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының аумағына дейін дизельмен жүретін және қоғамдық көлік үшін бүгін жергілікті сағат 19.00-ден бастап жол қозғалысы шектелді.

Шектеудің алынып тасталғаны жөнінде қосымша хабарланатын болады.