Блаттер: 2018 жылы Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатының ауыстырылуы мүмкін емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА президенті Йозеф Блаттер 2018 жылы Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатының ауыстырылуы мүмкін еместігін айтты, деп жазады РИА Новости.

Блаттер: 2018 жылы Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатының ауыстырылуы мүмкін емес

Сейсенбі күні Еуроодақтың Ресейге жаңа санкциялары экономика мен қаржыдан басқа мәдениет пен спорт саласына да салқынын тигізуі мүмкін екендігі айтылды. Ондағы мәлімет бойынша, ЕО ресейді спорт бойынша халықаралық қауымдастықтар қатарына шығару туралы бастама көтерген. Бірақ, Блаттер бұның келесі футболдан әлем чемпионатының кестесіне өзгеріс әкелмейтінін жеткізді.