Блаттер, Вальке және Каттнер ФИФА-ға 80 млн. долларға шығын келтірген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы бұрынғы үш топ-менеджердің келтірген шығынын 80 млн. долларға бағалады, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Блаттер, Вальке және Каттнер ФИФА-ға 80 млн. долларға шығын келтірген

Федерацияның жұма күні жарияланған мәлімдемесінде үш шенеунік жыл сайын өз жалақыларын көбейтіп, Әлем чемпионаттарын өткізгені үшін өздеріне сыйақы жаздырып келгені айтылған.
Бұл үш шенеунік - Зепп Блаттер, жұмыстан шеттетілген бас хатшы Жером Вальке және бас хатшының жұмыстан шығарылған орынбасары Маркус Каттнерге қатысты, делінген хабарламада.
Олардың соңғы бес жылда ФИФА-дағы әрекеттерінен болған шығын 80 млн. долларға бағаланып отыр.