Білім беру ұйымдарында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда 8 қаңтардан бастап «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы өтіп жатыр. Оған еліміздегі барлық білім беру ұйымдарының оқушылары мен колледж студенттері қатысады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті.

Білім беру ұйымдарында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы басталды
Фото: Оқу-fғарту министрлігі

Бұл шара білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті көтеру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқыққа деген құрметті қалыптастыруға бағытталған.

— Айлық аясында заң нормаларын түсіндіру, құқық бұзушылықтың салдары туралы ақпараттандыру бағытында білім беру ұйымдарында түрлі кездесулер, дәрістер, дөңгелек үстелдер, тренингтер және өзге де іс-шаралар ұйымдастырылады. Өткізілетін шаралар барысында уәкілетті органдардың өкілдерімен бірге білім алушыларға құқық бұзушылық түрлері мен оған қатысты жауапкершілік туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, — деп хабарлады ведомстводан.

Қоғамда құқықтық тәртіп пен заң үстемдігін нығайту — мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда Қазақстан Үкіметі Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіткен болатын.

Құқықтық сауаттылық айлығы аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар тұжырымдамада қарастырылған міндеттердің практикалық іске асуының бір бөлігі.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум