Білім жүйесін діни фанатизмнен Конституция арқылы қорғау керек – Диқан Қамзабекұлы

АСТАНА. KAZINFORM – АСТАНА. KAZINFORM – «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Конституциялық комиссия мүшесі Диқан Қамзабекұлы білім жүйесін діни фанатизмнен қорғайтын норма енгізуді ұсынды.

Светский характер школы и культуры хотят закрепить отдельной статьей Конституции
видеодан алынған кадр

- «Әй дейтін ажа, қой дейтін қожа» жоқ кейінгі ширек ғасырда қара-шұбар жамылғы, сөлеңдеген сұрықсыздық, келте балақ, қауға сақал, селдір сақал қаладан далаға дейін қаптап кетті. Қазақтың иманды, тәрбиелі, білімді ортасын қара бұлт, дүдәмал діл (жүрек мағынасында – ред.) басып алғандай күй кештік. Ата-анасын тыңдамайтын ұрпақ, ұлт дәстүрін тәрк еткен діндарсырмақтар пайда болды. Ең қауіптісі олар ұрпағын да жат бағытта тәрбиелеуге көшті. Фанатизм мен көрсоқырлық білім жүйесіне ене бастады. Неге қателескенін білмедік, оқыған деген кейбір адамдар шеттен келген шала сауаттылардың жетегінде кеткені ойландырады, қамықтырады. Сирияда соғысқа барып адасқандардың трагедиясы сіздерге белгілі. «Жусан» операциясының арқасында елге оралғандардың көз жасы бәрімізді ойландырды, - деді ол.

Ғалым діни экспансия тек мұсылман әлеміне қатысты еместігін, христиан дүниесі де, түрлі басқа да ірілі-ұсақты мүләйімсіген конфессиялар да білім жүйесіне ентелегенін атап өтті.

- Қазір бұл ахуал түзеліп келеді. Әділет, заң мен тәртіп кезеңінде бұрынғы әттегенайға, қараңғылық құшағындағыларға жарық түскендей. Біраз мәселе реттеле бастады. Конституциядағы зайырлылық нормасы осы зәрулікті оңтайлы шешеді, қиындықтан сақтандырады деп сенеміз. Білім жүйесі, жаңашылдық пен даму, ғылым мен технология, инновация алаңы. Бұл – өсу мен өріс, шығармашылық пен мәдениет ортасы. Дана Абай мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының арманы осы. Ендеше білім жүйесіндегі зайырлылық пен мәдениеттің Ата заңда нақты жазылу зиялылық дәстүрдің талабы деп білеміз, - деді Конституциялық комиссия мүшесі.

Бұған дейін Конституциялық комиссияның құрамында кімдер кіргенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум