Блогер қымбат смартфондарды суға салып сынап көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Youtube» әлеуметтік желісінде «EverythingApplePro» арнасының блогері «Apple» мен «Samsung» компанияларының соңғы шыққан смартфондарының қайсысы «суға салса, батпайтынын» тексеріп, сынап көрді, деп жазады Массагет порталы.
None
None

Сөздің шын мағынасында блогер «iPhone 6 Plus» пен «Samsung Galaxy 6 Edge Plus пен «Galaxy Note 5» смартфондарын видео көрермендері алдында суға салып жібереді. Екі минут өткеннен кейін Samsung өнімдері өзімен-өзі қосылып, жұмыс істей бастайды. 15 минут өтіп, Galaxy Note 5 аппаратының Wi-Fi модулі істен шығады. Сонымен қатар, «Galaxy 6 Edge Plus» смартфонының сенсорлы пернелері істемей қалады. Ал, «iPhone» смартфонының дыбыстау функциясы істен шығады. Сынақ соңында оңтүстіккореялық өнімдер қайта қосылмай қалады. Ал «iPhone» дыбыссыз болса да, барлық функциясының істеп тұрғанын көрсетті. Видеоблогер бұл сынақта Apple өнімі жеңіске жеткенін хабарлады. Бейнені мына сілтеме арқылы көруге болады.

Соңғы жаңалықтар