Блогер Махамбет Абжан кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Журналист-блогер Махамбет Абжан кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасап.

Блогер Махамбет Абжан кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен қамауға алынды
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті. 3 шілдеде жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде азамат М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласының уақытша ұстау орталығына қамауға алынды. М. Абжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексерілуде», - делінген ресми хабарламада.