Блогер Жанабылов пен жұбайының соты кейінге қалдырылды

АСТАНА. KAZINFORM – Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша сот қарауы кейінге қалдырылды. Бұл туралы кезекті сот отырысы кезінде мәлім болды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Блогер Жанабылов пен жұбайының соты кейінге қалдырылды
Фото: Kazinform; Freepik, @zhanabylov_e

Сот істі қарау күнін ауыстыруға шешім қабылдап, процестің кейінге қалдырылғанын жариялады.

Сот отырысын жалғастыру алдағы дүйсенбі, 27 сәуірге белгіленген. 

Айта кетейік, 2025 жылы 11 автокөлікті ұтысқа қойып, курс сатқан блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың әрекеті Қазақстан Туризм және спорт министрлігі назарына іліккен болатын

2025 жылғы 26 тамызда Ерболат Жанабыловқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды

Ал 2025 жылғы 16 қазанда блогерлерге қатысты әкімшілік сипаттағы іс қылмыстық өндіріске ауыстырылды

Алайда 13 наурызда өткен алдын ала сот тыңдалымында Жанабыловтардың адвокаты Гаухар Айтжанова істі прокуратураға қайтаруды сұраған. Сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.  

Осы жылдың 16 наурызында блогерлерге қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталып, куәгерлер сөз сөйледі

Ал 30 наурыз күні өткен кезекті сот тыңдалымына куә ретінде Алматыдан блогер Дархан Жолшыбеков пен Нұрбек Нұртаза келді.  

Осыған дейін ерлі-зайыпты блогер Жанабыловтарға қатысты қылмыстық іс бойынша сотта Ерболат Жанабылов мәлімдеме жасады. Ал бүгін Эльмира Төлегенова соңғы сөзін айтты

Прокурор блогер Жанабылов пен әйелін 4 жылға соттауды сұраған еді