Блокчейн қаржы саласын түбегейлі өзгертеді - Саясат Нұрбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Саясат Нұрбектің ойынша, жақын арада блокчейн сияқты жаңа қаржы технологиялары қазіргі жүйені түбегейлі өзгертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Меніңше, біз бұл үрдісті тоқтата алмаймыз. Жарайды, қазір үлкен саудагерлік сипаты болып, артынан құлап қалса да, бұл үрдісті тоқтату мүмкін емес. Аталған технология 5-10 жылдың ішінде банк саласын, жалпы қаржы секторының инфрақұрылымын түбегейлі өзгертуі әбден мүмкін. Бұл менің жеке пікірім», - деді Саясат Нұрбек ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бүгінде криптавалюталарға қатысты әр елдің ұстанымы әртүрлі болса да, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басшылығы аталған үрдістің болашағы бар деп санайды.

«Келешекте қаржы саласында үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан біз осы басымдықты жіберіп алмайық деген ниетпен криптовалюталар нарығын тест ретінде іске асыруды көздейміз. Біз кез келген компанияны шақырамыз. Олар электронды ақша саласындағы өз технологияларын тестілейді. Сол тестілеу алаңынан мықты бір өнім шықса, біз оны ақырындап қаржы орталығымыздың тиімділігін арттыру үшін пайдаланатын боламыз», - деп атап көрсетті С.Нұрбек.

Айта кетейік, бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов ЭКСПО аймағында құрылатын биржада криптовалюталар сияқты жаңа қаржы теxнологиялардың болатынын мәлімдеді.

«Былайша айтқанда, қазіргі ЭКСПО аймағы болашақта «криптоайлаққа» айналады деген сенім бар» , - деді Қ.Келімбетов.

ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген «Астана» ХҚО-ның цифрлық теxнологиялар бойынша директоры Әсел Жиенбаева аталған бастама қалайша іске асатынын түсіндіріп берді.

Соңғы жаңалықтар