Блокпостағы жол апаты: Жарақат алған полицей ауруханадан шығады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда блокпостағы жол апаты кезінде жарақат алған үшінші полиция қызметкері ауруханадан шығуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір науқастың жағдайы жақсы. Есін жиған. Жан-жағын бағдарлай алады.

Неврологиялық симптоматика төмендеді. Астеновегетативті синдром аздап сақталған. Бүгін ауруханадан шығады», - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 25 мамыр таңғы сағат 05:26-да BMW маркалы көліктің 28 жастағы жүргізушісі мас күйінде блокпостағы полиция көлігіне соғылды.

Салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды.

Ал зардап шеккен үшінші полицей жақында ауруханада есін жиды.

Кейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қылмыстық істің мән-жайын тергеуді Ішкі істер министрлігі өзіне алғанын мәлім етті.

Жақында полиция департаменті күдікті туралы мағлұмат таратқан болатын. Олардың мәлімдеуінше, күдікті қылмыс болардан 4 күн бұрын қызметінен босатылған.


Соңғы жаңалықтар