Bloomberg Сауд Арабиясындағы Ресеймен келіссөздерде АҚШ өкілдерін атады

АСТАНА. KAZINFORM –  Уиткофф пен Уолц АҚШ-тың Сауд Арабиясындағы Ресеймен келіссөздердегі өкілдері болады, деп хабарлайды ТАСС.

Bloomberg Сауд Арабиясындағы Ресеймен келіссөздерде АҚШ өкілдерін атады
Фото: БЕЛТА

Ресей мен АҚШ өкілдері арасындағы алдағы келіссөздерде америкалық тараптан жетекші рөл АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стивен Уиткоффқа және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Майк Уолцқа берілмек. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік бұл жағдайға байланысты АҚШ президентінің Украина және Ресей бойынша арнайы өкілі Кит Келлогтың келіссөздердегі рөлі қандай болатыны туралы сұрақ туындайтынын атап өтті.

Bloomberg деректеріне сүйенсек, Ресей мен АҚШ арасындағы байланыстар соңғы аптада, әсіресе АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің Мюнхен қауіпсіздік конференциясындағы қатал мәлімдемесінен кейін, айтарлықтай күшейген.

Агенттіктің мәліметінше, АҚШ пен Ресейдің жоғары лауазымды ресми тұлғаларының кездесуі келесі аптада Сауд Арабиясында өтуі мүмкін. Bloomberg бұл кездесудің екі ел басшыларының ықтимал саммитіне дайындыққа бағытталғанын атап өтеді.

Еске салсақ Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен алғашқы кездесуі Сауд Арабиясында өтетіні туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар