BMW басшысы Франкфуртта көлік салонының ашылу жиынында есінен танып құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - BMW Франкфурт қаласындағы Халықаралық көлік салонының ашылуы кезінде жаңа үлгілерінің таныстырылымы кенеттен тоқтатылды. Оған компания басшысы Харальд Крюгердің сахнада есінен танып құлауы себеп болды. Бұл жағдай тұсаукесердің басталуынан кейін көп ұзамай орын алған.

BMW басшысы Франкфуртта көлік салонының ашылу жиынында есінен танып құлады

49 жастағы бас директорды сахнадан алып кетті, таныстырылым белгіленбеген уақытқа кейінгі қалдырылды.

Компания өкілі Максимиллиан Шеберлдың айтуынша, Крюгердің басы айналған. Қазіргі уақытта оның жағдайы қалыпты, өзін жақсы сезінуде. Шеберл сондай-ақ Крюгердің өзін тұсаукесер басталмас бұрын нашар сезінгенін айтып, BMW басшысының таяуда шетелден сапардан оралғанын атап өтті, деп жазады РБК.