BMW электр энергиясымен жүретін алғашқы скутерін сатылымға шығармақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - BMW электр энергиясымен жүретін көлік құралдарының қатарын жаңартуды жалғастыруда. Немістің бұл компаниясы «C evolution» атты марканың алғашқы электрлі максискутерін таныстырды.
8 кВт батареялары арнайы құрылғыдан немесе үйдегі кәдімгі электр желісінен қуат алады. Оның 80 пайыз деңгейінде қуаттануы екі сағат мерзімде жетеді. Жалпы батареялардың күші шамамен 100 шақырым жерді бағындыруға қауқарлы.
Екі дөңгелекті экологиялық және мобильді көліктің құны 15 750 еуроға бағаланып отыр. Скутердің салмағы 265 келі және оның қозғалтқышы 47,5 ат күшіне тең
Атап айтқанда бұл көлік қала жолдарындағы кептелістерден өтуге арналған, деп жазады шетелдік БАҚ.