BMW компаниясы Қытайдан 42 мыңға жуық автомобильді қайтарып алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германиялық BMW машина шығаратын компаниясы  қауіпсіздік жастығындағы ақаудың салдарынан Қытайдан 42 мыңға жуық автомобильді қайтарып алады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

BMW компаниясы Қытайдан 42 мыңға жуық автомобильді қайтарып алады

Қайтарып алу жұмыстары 2017 жылдың 9 қазанынан басталады. 2012 жылдың 2 қаңтарынан 26 желтоқсан аралығында шығарылған 3 мың 926 автомобиль, сонымен қатар 2012 жылдың 12 қаңтарынан 22 желтоқсан аралығында конвейерден жіберілген 37 мың 759 машина қайтарылады.