BMW қожайындарының бірі Йоханна Квандт 90 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - BMW автомобиль концерні иегерлерінің бірі және Германияның бай әйелдерінің бірі Йоханна Квандт 89 жасында дүниеден өтті, деп хабарлады РИА Новости немістің Spiegel басылымына сілтеме жасап.
None
None

Өнеркәсіпші Герберт Квандттың жесірі дүйсенбі күні немістің Бад-Хомбург қаласындағы өз үйінде көз жұмды, ол жалғызілікті өмір сүрген болатын.

Квандт өзінің қызы Сузанна Клаттеннен кейінгі ГФР-дың ең бай әйелі болды. Forbes журналының мәліметтеріне қарағанда, Квандттың дәулеті 11,8 миллиард долларға жуықтаған. Отбасы BMW компаниясы акциясының 47 пайызға жуығын, сондай-ақ Altana AG фармацевтік компаниясының акцияларын иеленген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум