BNews.kz порталында Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы М.Есенбаевтың қатысуымен оnline-конференция өтеді
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Наурыздың 17-де BNews.kz (www.bnews.kz) порталында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаевтың қатысуымен «Қазақстандағы бәсекелі ортаны дамыту» тақырыбында оnline-конференция өтеді.
Монополияға қарсы ведомствоның басшысы Бәсекелістікті қорғау және дамыту жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламаның негізгі қырлары туралы, қиянатшыл бәсекелестікпен күрестегі жүйелі шаралар жөнінде, монополияға қарсы заңнама бұзушылықтар, республикамыздағы әлеуметтік маңызы зор тауар нарықтарындағы жағдайдың сараптамасы туралы айтып береді. Сұрақтарыңызды www.bnews.kz порталына немесе info@bnews.kz поштасына жіберулеріңізге болады.