11:51, 27 Қазан 2009 | GMT +5
BNews.kz порталында Еңбек министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішевтің қатысуымен online-конференция өтеді
АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат - Қазанның 29-ында BNews.kz порталында - www.bnews.kz - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішевтің қатысуымен online-конференция өтеді.

Конференция «Отандастардың тарихи отандарына оралуы, оларды қабылдау және бейімдеу» деген тақырыпқа арналады.
BNews.kz порталына кіріп, сауалдарыңызды қойыңыздар!