Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Боб Дилан Нобель сыйлығын алуға келісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық музыкант  және ақын Боб Дилан алдағы демалыста Нобель сыйлығын алатын болды. 

Боб Дилан Нобель сыйлығын алуға келісті

Бұл туралы сәрсенбі, 29 наурызда «Би-би-си» хабарлады.

Швед академиясының өкілдері лауреатпен Стокгольмде кездесетінін айтты, ол жерде оның екі концерті жоспарланған.

Оның сыйлық алу үшін міндетті боп саналатын дәстүрлі Нобель дәрісін оқымайтыны, видеожазба жіберетіндігі атап өтілген.

Бұдан бұрын академия хатшысы Диланға   егер ол 10 маусымға дейін мәтінді оқымаса, сегіз миллион швед кронын (911 мың доллар) құрайтын ақшалай сыйлық берілмейді деген үзілді-кесілді талап қойған.

Швед академиясы Боб Диланға «Америкалық ән дәстүрі аясында жаңа ақындық мәнер қалыптастырғаны үшін» тұжырымымен 2016 жылғы 13 қазанда Нобель сыйлығын тағайындаған.  Мекеме өкілдері ұзақ уақыт музыкантпен байланысқа шыға алмаған, ақыр соңында ол сыйлықты табыстау рәсіміне қатысудан бас тартқан.