Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Боб Дилан Нобель сыйлығын қабылдайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық музыкант және ақын Боб Дилан Швеция академиясымен байланысқа шығып, қазан айының ортасында тағайындалған әдебиет бойынша Нобель сыйлығын қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Боб Дилан Нобель сыйлығын қабылдайтын болды

Сыйлықты ұйымдастыру комитетінің сайтында Диланның: «Сыйлықты қабыл аламын ба? Әрине», - деп жауап берген сөздері келтірілген.   

Желтоқсан айында өтетін марапаттау рәсімінде Дилан төбе көрсетеді ме, жоқ па - белгісіз.  

Музыкант қазан айының ортасында әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Оған сыйлықтың тағайындалғаны туралы жарияланғаннан кейін Дилан көп ұзамай Лас-Вегасте концерт берді. Бірақ оның барысында әдебиет бойынша сыйлық туралы ештеңе айтпаған.

Бұған дейін Швеция академиясы Боб  Диланмен байланысқа шығу әрекеттерін доғарғанын айтқан болатын. Академиктер оған хабарласа алмаған.  

Боб Дилан әннің мәтіндері үшін әдебиет бойынша сыйлыққа ие болған Нобель сыйлығының алғашқы лауреаты.

2016 жылы сыйақы көлемі сегіз миллион швециялық кронды құрады (923 мың АҚШ доллары).