«Бөбек» қоры көп балалы жанұяға көлік табыс етті

АЛМАТЫ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматы облысы Есік қаласында көп балалы отбасыға «Бөбек» қоры атынан «Фолксваген» маркалы автокөлік табыс етілді.
None
None

«Бөбек» қорының ресми өкілі, Адамның үйлесімді дамуы институтының директоры Ақберен Елгезектің айтуынша, Есеновтер отбасында 15 бала бар екен. «Алғашқы баланы Нұрыл мен Роза 1996 жылдары асырап алған. Олардың барлық баласы әр түрлі тағдырды басынан кешірген. Кейбірін балалар үйінен асырап алса, тағы біреуін тастанды жерінен тауып алған. Олардың өз баласы жоқ, сондықтан олар балаға деген өз махаббаттары мен жылылықтарын ата-ананың қамқорынсыз қалған осы сәбилерге беруде», - дейді А.Елгезек.

Есеновтер отбасының таулы аймақта орналасқан өз шаруашылығы бар, сондықтан «Бөбек» қоры ауыр жолға шыдамды машинаны сыйлауды жөн көрген. Сондай-ақ Есеновтер жанұясы да өздеріне көңіл аударып, қол ұшын созып жатқан қорға ризашылықтарын білдірді. Отағасы өз кезегінде мұндай көлік жұмыс барысында үлкен көмегін тиетіндігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар