«Бөбек» орталығының ресми сайты ашылды

АЛМАТЫ. 20 мамыр. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Еліміздегі «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ресми сайты (www.bobek.kz) ашылды.

«Бөбек»  орталығының ресми сайты ашылды

Заманауи ақпараттық технологиялардың әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында ашылған сайтта Ұлттық орталық пен оған қарасты құрылымдық мекемелер қызметі мен атқарылып жатқан іс-шаралар туралы жаңалықтар, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша электрондық кітапхана каталогы және т.б. мәліметтер орналастырылатын болады. Сондай-ақ, сайттан «Самопознание.KZ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында жарық көрген үздік материалдардың электрондық нұсқасын оқуға болады.

«Өзін-өзі тану» жобасы 2001 жылы Сара Назарбаеваның бастамасымен қолға алынған болатын. Жоба 2010 жылға дейін 9 жыл бойында арнайы экспериментальды алаңдарда оқытылғаннан кейін 2010-2011 оқу жылынан бастап білім берудің барлық деңгейлерінде базалық пән ретінде енгізілді. Осыған байланысты орталық «Өзін-өзі тану» пәні әрбір оқушыға сапалы әрі саналы түрде жеткізілуі тиіс деп санайды. "Бұл ретте www.bobek.kz сайты ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар мен басқа да азаматтар үшін пайдалы мәлімет көзі бола алады",-дейді орталықтың баспасөз қызметі.