«Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығының Бас директоры қызметіне Ақберен Елгезек тағайындалды
АЛМАТЫ. 23 тамыз. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК Бас директоры міндетіне Елгезек Ақберен Елгезекұлы тағайындалды» - деп хабарлайды «Бөбек» Ұлттық орталығының баспасөз қызметі.
Аталмыш орталықта осы уақытқа дейін Бас директоры қызметін атқарып келген Қарымсақов Тілек Уәлиұлы «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен қызметінен босатылған.
Ақберен Елгезек - 1980 жылы, Алматы қаласында дүниеге келген. Семей облысы Шұбартау ауданы, Мәдениет ауылының Е.Рахмадиев атындағы орта мектепті бітірген. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ тарих факультетінің түлегі. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері. Ол жаңа қызмет орнына дейін, «Бөбек» ҰҒТБСО жанындағы Адамның үйлесімді дамуы институтының директоры қызметін атқарған.