Boeing қызметкерлері ереуілді тоқтатып, корпорация шарттарын қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM — Дүйсенбі күні Boeing әуе концернінің жұмысшылары компания басшылығының жаңа ұсынысымен келісіп, екі айға жуық уақытқа созылған және кәсіпорын өндірісін тығырыққа тіреген ереуілді тоқтатты, деп хабарлайды ВВС.
Кәсіподақ мүшелерінің көпшілігі (59%) төрт жыл ішінде жалақыны 38%-ға арттыруды қамтитын жаңа келісімшартқа дауыс берді. Бұл туралы Reuters агенттігі әуе компания жұмысшылары кәсіподағына сілтеме жасай отырып мәлім етті.
Алғашында концерн жұмысшылардың жалақысын 25%-ға, ал ереуіл аяқталғанша 35%-ға көтеруді ұсынды. Кәсіподақ жалақыны 40 пайызға көтеруге шақырды. Ереуіл басталғаннан кейін әуе концерн қызметкерлерін 10%-ға қысқарту туралы хабарлады — бұл шамамен 17 мың жұмыс орны.
Кәсіподақпен келісімге келу — соңғы уақытта қаржылық қиындықтарға тап болған және қызметкерлерді қысқарту туралы жариялаған ұшақ өндірушінің және позициясын нығайтуы тиіс.
Еске салсақ, Boeing зауыты механиктердің ереуілінен компания айына шамамен 1 млрд доллар шығынға ұшырады.