Boeing компаниясы өзіне алаяқтық бойынша тағылған айыпты мойындады

Boeing
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Boeing компаниясы өздері шығарған және 2018-2020 жылдары құлаған екі ұшақ ісі бойынша өзіне тағылған қылмыстық алаяқтық әрекетті мойындады, деп хабарлайды ВВС.

Елдің әділет министрлігінің мәлімдеуінше, әуе компаниясы 243,6 млн доллар (190 млн фунт) көлеміндегі қылмыстық айыппұлды төлеуге келісті.

Алайда осы рейстерде 5 жыл бұрын қаза болған азаматтардың туыстары Boeing-ке адамдардың өлімі үшін жауапкершіліктен жалтаруына жол берген бұл істі қатты сынады.

Енді бұл істі реттеу үшін оны АҚШ судьясы мақұлдауы керек.

Boeing компаниясы кінәсін мойындай отырып, қылмыстық процестен, басқаша айтқанда ұшақта мерт болғандардың туыстарының талабынан жалтармақ.

Компания өздерінің ұшақтар ұшыраған бір-біріне ұқсас екі апаттан соң дағдарысқа тап болды. Бірінші Boeing 737 Max Индонезияда апатқа ұшырады, екіншісі Эфиопияда құлады. Екі апат кезінде 1 мыңнан астам адам мерт болды.

Бұдан кейін компания ұшақтарына бір жылдан астам уақыт ұшуына тыйым салынған.

2021 жылы прокуратура Boeing компаниясына реттеуші органдарды алдау үшін сөз байласты деген айып тақты. Яғни компания Азаматтық авиация федералдық басқармасын (FAA) екі ұшақ апатына да қатысы бар ұшақтарды басқару жүйесіне қатысты алдап соққан.

Boeing-тің кінәсін мойындау компания атына кір келтіретін мәселе болып қалып отыр. Өйткені АҚШ-тың әскери мердігері болып табылатын компания істі болып отыр деген атқа қалды. Сонымен қатар бұл компания әлемдегі коммерциялық ұшақтар шығаратын ең ірі екі компанияның бірі.

Соңғы жаңалықтар
telegram