Boeing компаниясы өзінің су жаңа Boeing 787-9 Dreamliner ұшағының ұшу көріністерін паш етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boeing компаниясы Ле-Буржеге өзінің су жаңа Boeing 787-9 Dreamliner ұшағын аттандырды. Ол Vietnam Airlines деген жазумен әсем безендірілген.

Boeing компаниясы өзінің су жаңа Boeing 787-9 Dreamliner ұшағының ұшу көріністерін паш етті

Ғаламтордағы "youtube Boeing" желісінде ұшақ ұшқыштарының өз өнерлерін паш етуге дайындықтары бейнеленген бейнематериал жарияланды. Авиалайнердің маневрлері таңдай қақтырады.

Айта кетейік, 51-ші халықаралық "Ле Бурже-2015" авиағарыштық салоны француздық астананың маңында 15-21 маусым аралығында өтеді, деп хабарлайды Сегодня.

Ле-Бурже (французша - Le Bourget) авиасалоны әлемдегі ең ірі авиасалондардың бірі, ол екі жылда бір рет Париж қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым қашықтықта орналасқан Ле-Бурже әуежайында ұйымдастырылады.