Boeing компаниясының 2,5 мың жұмысшысы ереуілге шығатынын мәлімдеді

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Boeing компаниясының 2,5 мың жұмысшысы 1 тамызда ереуілге шығуды жоспарлап отыр. Олар компаниямен жасалған келісімнің шарттарына қарсылық білдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-ке сілтеме жасап.

Boeing компаниясының 2,5 мың жұмысшысы ереуілге шығатынын мәлімдеді

Иллинойс штатындағы Маскаута қаласында, Миссури штатындағы Сент-Чарльз және Сент-Луис округтеріндегі Boeing-тің үш зауытында жұмыс тоқтайды. Өйткені, жексенбіде Аэроғарыш машинистері мен жұмысшыларының халықаралық қауымдастығы кәсіподағы серіктестікті жалғастыруға қарсы 837 дауыс жинады.

Кәсіподақ мынадай мәлімдеме жасады: «Біз әділ және құқығы тең емес келісімшартты қабылдай алмаймыз, өйткені компания жыл сайын біздің еңбекқор мүшелеріміздің есебінен миллиардтаған доллар тауып жатыр».

Boing компаниясы дауыс беру нәтижесіне көңілі толмайтынын және «ереуіл болған жағдайда өндірістің іркіліссіз болуын қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай жоспарын» қолданатынын айтты.

Boeing бір тоқсандағы кіріс есебі аясында осы аптада өзінің қаржысы туралы жаңартылған ақпаратты ұсынбақ. Boeing бұған дейін бірінші тоқсанда 1,2 миллиард доллар шығынға батқанын хабарлады, бірақ өткен аптада компания Delta Air Lines-тың Boeing 737 маркалы 100 ұшаққа тапсырыс бергенін мәлім етті.


Фото: abcnews.go.com