Boeing жолаушылар ұшағы Тель-Авив әуежайына апатты жағдайда қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - El Al авиакомпаниясы бюджеттік Up бөлімшесінің Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы сейсенбіде Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайына апатты жағдайда қонды. Зардап шеккендер жоқ. Нақтыланған деректерге сүйенсек, лайнер бортында 176 адам болған.

Boeing жолаушылар ұшағы Тель-Авив әуежайына апатты жағдайда қонды

2521 рейсін орындаған Boeing 737-800 Давид Бен-Гирион атындағы әуежайдан жергілікті уақыт бойынша сағат 07:20-де (мәскеу уақыты бойынша) Прага бағытына ұшқан. Артынша ұшу-қону жолағынан лайнердің оң шассиі қақпағының сынықтары табылған. Жердегі қызметтер мен экипаж ұшақты әуежайға қайта қонуы қажет деп шешті. Boeing Лод қаласының шетіне Бен-Гурион әуежайы орналасқан жерге жеткенде, ол жердегі қызмет инженерлері шассиді қарап шығу үшін ұшу-қону жолағынан сәл биіктікте бірнеше рет айналым жасады. Әуежайда лайнердің апатты қонуының алдында төтенше жағдай режімі енгізілді. Әуе айлағына ондаған жедел жәрдем мен құтқару қызметтері шақыртылды, деп хабарлады ТАСС.