«Бофа» дауылы Филиппинде 1000-нан астам адамның өмірін жалмады

АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат -Филипиннің жағауына төнген «Бофа» дауылы мыңнан астам адамның өмірін жалмап өтті, деп мәлім етті елдің билік өкілдері. 

«Бофа» дауылы Филиппинде 1000-нан астам адамның өмірін жалмады

Азаматтық қорғаныс департаментінің мәліметтеріне қарағанда, 840 адам із-түзсіз жоғалып кеткендердің санатында, мерт болғандардың саны өсуі мүмкін, деп хабарлайды Би-Би-Би.

Із-түзсіз жоғалып кеткендердің жартысына жуығы - алапат дауыл басталмас бұрын теңізге шыққан балықшылар.

Дауылдан, әсіресе Минданао аралы қатты зардап шекті.