Бөгелген пойыздардың барлық жолаушыларына өтемақы төленеді - ҚТЖ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүк тиелген вагондардың шығып кетуі салдарынан 16 жолаушылар пойызы бөгелді, деп мәлімдеді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

Бөгелген пойыздардың барлық жолаушыларына өтемақы төленеді - ҚТЖ

2015 жылдың 7 қаңтарында бір тәулік ішінде бөгеліп жатқан барлық жолаушылар пойызы кестеге енгізіледі.

2015 жылдың 06 қаңтарында сағат 23:45 Жамбыл жол бөлімінің Жамбыл-Түлкібас учаскесіндегі Маймақ - Күркіреусу аралығында №2007 жүк пойызы жүрген 3469 километрінде 12 жүк тиелген вагон шығып кетті.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ арнайы комиссия құрды. Комиссия жұмысының алдын-ала мәліметіне сай жолдың имек бөлігінде жүк вагонының арбасының бұрыла алмауы салдарынан болған. Вагон номері 44676914.

Вагон иесі «Федеральды жүк компаниясы» АҚ (Ресей Федерациясы). Барлық шығынды жүк вагонының иесі өтемек.

Вагондардың шығып кетуінің салдарын жою бойынша жұмыстар Жамбыл және Шымкент жол бөлімшелерін қалпына келтіру арқылы жүргізілуде. Пойыздардың қатынауы сағат 09:05-те қалыпқа келтірілді.

ҚР Темір жол көлігі туралы Заңына сәйкес барлық жолаушыларға тиісті өтемақы төленеді.

Осыған дейін хабарланғандай, «Қызылорда - Алматы» бағытымен жүрген №34 жолаушылар пойызы 4 сағатқа кешігуде. Оған Тараз маңындағы стансада бірнеше сағат тұрып қалуы себеп болған.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға телефон арқылы аталған пойыздағы жолаушылардың бірі - Раушан Шакеева хабарлаған.