Боготада Ресей азаматы оққа ұшты

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Колумбияның елордасы - Боготода 19 шілде күні таңертең кеудесіне екі рет оқ атылған Ресей азаматы табылды.

Боготада  Ресей азаматы оққа ұшты

Полиция оны көпірдің астынан тауып алды. Ауруханаға дереу жеткізілгенімен, ол сонда көз жұмды, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.

Құқық қорғау органының пайымдауынша, ресейлік азамат, қылмыскерлер жәбірленушіні банкоматқа апарып, карточкасынан барлық ақшаны алуға мәжбүрлейтін «экспресс-тонаудың» құрбаны болған сыңайлы.