«Боинг 737» ұшағы керосинмен және биоотынмен ұшты

ЛОНДОН. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат - Continental Airlines авиакомпаниясы су балдырынан жасалған биологиялық отын құйылған ұшақты сынап көрді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си телекомпаниясына сілтеме жасап. Американдық компания өкілінің айтуынша, ұшақтың 90 минутқа созылған сапары «күткендегіден жақсы өткен». Хьюстон әуежайынан көтерілген екімоторлық жолаушылар лайнері Мексика шығанағының үстінен ұшып өтіп, 11 600 метрлік биіктікте бірнеше сынақты өткізген.Ұшақтың двигательдердің бірі кәдімгі авиациялық керосин мен биологиялық отынның 1/1 қоспасынан тұратын жанармаймен жұмыс істеген. Ал биологиялық отын өз кезегінде, су балдыры мен ятрофа деп аталатын тропикалық өсімдіктен жасалған авиациялық отынның екі түрінің қоспасынан дайындалған.
Соңғы жаңалықтар