"Боинг-767" апатты жағдайда жерге қонды

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Польшаның LOT әуе компаниясының "Боинг-767" ұшағы Варшава әуежайына апатты жағдайда қонды.

"Боинг-767" апатты жағдайда жерге қонды

Бұл туралы польшалық «Wyborcza» басылымына сілтеме жасай отырып Лента.ру агенттігі хабарлайды.

Ұшақ ішіндегі 230 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың арасында зардап шеккендер жоқ және ұшақ қонғаннан кейін өрт шыққан жоқ.

"Окенче" әуежайы уақытша жабылды, басқа рейстер қосымша әуежайлардан ұшырылатын болады.

Нью-Йорктен ұшып шыққан әуе кемесі шассиіндегі ақауға байланысты бірден жерге қона алмаған.