«Боинг» апатқа ұшыраған жерден 121 адамның мүрдесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Malaysia Airlines авиакомпаниясының «Боинг» ұшағы апатқа ұшыраған жерден 121 мүрде табылды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

«Боинг» апатқа ұшыраған жерден 121 адамның мүрдесі табылды

Анықталған деректер бойынша, құлаған лайнер бортында 283 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі болған. Олар Нидерланды, Малайзия, Австралия, Индонезия, Ұлыбритания, Германия, Бельгия, Филиппин және Канада азаматтары. Жолаушылардың барлығы қаза тапты. Оқиға орнында іздеу жұмыстары жүруде. Boeing қара жәшігі табылды.