«Боинг» компаниясы болашақта әуе кемелерін биологиялық жанармаймен ұшыруды жоспарлап отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күн сәулесін кәдеге жарату, одан қуат алу тұрмыстық өмірде қолданыла бастағанымен, Батыс Еуропа елдері оның қуатын көлік жүргізуге де пайдаланып отыр.
Яғни, Күн энергиясының күшімен көшеде жүрген көліктерді Батыс Еуропа елдерінен кездестіруіңізге әбден болады. Ал Америка ғалымдары кәдімгі бензинді алмастыра алатын альтернативті жанармай шығаруды ойластырып отыр. Бензин сынды сұйық болғанымен, оның ерекшелігі табиғи Күннің қуатынан дайындалатындығында. Ал келешекте «Боинг» компаниясы да әуе кемелерін биологиялық жанармаймен ұшыруды жоспарлап отыр. Мұндай жанармайдың экологиялық тазалығы бірінші кезекте ескерілетін болады, деп жазады «Хабар» арнасы.