«Боинг» ұшағының «қара жәшіктері» МАК-тің қатысуымен ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Апатқа ұшыраған малайзиялық «Боингтің» жазба құралдарының мағынасын ашу шараларына Мемлекетаралық авиациялық комитеттің өкілі қатысады, делінген МАК сайтындағы хабарламада.

«Боинг» ұшағының «қара жәшіктері» МАК-тің қатысуымен  ашылады

«МАК-тің өкілетті өкілі «Боинг-777» ұшағының апатын тергеу бойынша халықаралық комиссияның жұмысына кірісті. Сонымен қатар ол Ұлыбританияда «қара жәшіктердің» таспасындағы мәліметтерді ашуға қатысады», деп хабарланған МАК мәліметінде.

ВВС-дің жазуынша, мұнымен қоса комитет тарапы қарулы қақтығыстар аймағында азаматтық ұшақтар үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Айта кетейік, апатты болған ұшақтың борттық жазба құралдары Ұлыбританияға сәрсенбіде жеткізілген болатын.