Бөкей ордасының тарихын түгендеген үш кітап жарық көрді

ОРАЛ. KAZINFORM — Бөкей хандығының құрылғанына 225 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында Хан ордасы ауылында үш кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды БҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бөкей ордасының тарихын түгендеген үш кітап жарық көрді
Фото: БҚО әкімдігі

Тағылымды шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, еңбек ардагерлері, тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.

Бөкей ордасының тарихын түгендеген үш кітап жарық көрді
Фото: БҚО әкімдігі

Тұсаукесер рәсімінде академик Тұяқбай Рысбековтің «Нарын құмы — тарихтың шежіресі» кітабының екінші басылымы, Хан ордасы музей қорығы қызметкерлері жинақтаған «Архив құжаттарындағы Бөкей ордасының тарихы» еңбегі және Бөкей ордасы ауданы энциклопедиясының үшінші басылымы таныстырылды.

Бөкей ордасының тарихын түгендеген үш кітап жарық көрді
Фото: БҚО әкімдігі

«Нарын құмы — тарихтың шежіресі» еңбегінде Нарын өңірінің табиғаты, тарихы, елдік жолы, тарихи тұлғалары мен мәдени мұрасы кеңінен қамтылған. Ал архивтік жинаққа бұрын көпшілікке белгісіз болған тарихи құжаттар, ресми хаттар, деректер мен фотоматериалдар енгізілген.

Бөкей ордасының тарихын түгендеген үш кітап жарық көрді
Фото: БҚО әкімдігі

Бөкей ордасы ауданының энциклопедиясы тұңғыштар мекенінің өткені мен бүгіні, белгілі тұлғалары, тарихи орындары, мәдениеті мен әлеуметтік дамуы туралы жүйелі анықтамалық деректерді қамтиды.

Бөкей ордасының тарихын түгендеген үш кітап жарық көрді
Фото: БҚО әкімдігі

Салтанатты рәсімде жаңа басылымдардың тұсауы кесіліп, олардың тарихи танымды тереңдету, Бөкей ордасының бай мұрасын насихаттау және құнды деректерді келер ұрпаққа жеткізудегі маңызы аталып өтті.