«Боко Харам» Нигерияның солтүстік-шығысындағы 16 қаланы өртеп жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Боко Харам» радикалды тобы Нигерияның солтүстік-шығысындағы 16 қала мен ауылдарды өртеп жіберді. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап, Agence France-Presse хабарлады.
«Олар (Боко Харам) Бага, Дорон-Бага, Майл 3, Майл 4, Кайен Курос, Бурдурам сынды қалаларды түк қалдырмай өртеп жіберді», - деді жергілікті шенеуніктердің бірі.
Өрт шалған елді мекендердің тұрғындары Чад көліндегі аралға қашуға мәжбүр болды.
Бұған дейін жергілікті билік «Боко Харам» тобы Нигериядағы Бага қаласы мен әскери базаны басып алғаны туралы хабарлаған болатын, деп жазады Газета.ру.