«Боко харам» содырларының шабуылынан 20 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко харам» лаңкестік ұйымының шабуылынан кем дегенде 20 адам көз жұмған. Экстремистер Джингалта елді мекенінің қасындағы көліктерге шабуыл жасаған.

«Боко харам» содырларының шабуылынан 20 адам мерт болды

Қаза тапқандардың дені - Нигерияның әскери қызметкерлері, деп хабарлайды РИА Новости .

Осыған дейін Нигерия әскері «Боко харам» ұйымының 150-ге жуық мүшесінің көзін жойған болатын, сондай-ақ 36 әйелдер мен балаларды содырлардың қолынан құтқарған.