«Боко Харам» ұрланған қыздарды сотталған «жауынгерлерге» алмастыруға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Боко Харам» тобының радикалды исламистері түрмедегі ұйым мүшелері бостандыққа жіберілгеннен кейін ұрланған нигериялық қыздар босатылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Боко Харам» ұрланған қыздарды сотталған «жауынгерлерге» алмастыруға дайын

Agence France-Presse хабарлағандай, «Боко Харам» видео таратқан. Онда мұсылман киімін киген 130-ға жуық оқушы қыздар белгісіз бір елді мекенде құлшылық етіп жатқаны бейнеленген.

Топ жетекшісі мұны қыздардың барлығы ислам дінін қабылдағанын айтып түсіндірді.

Осыған дейін Нигерияның солтүстік-шығысында 300-ге жуық қыздың ұрлануын «Боко Харам» өз мойнына алғаны хабарланған. Исламистер қыздарды күңдікке сатамыз деп қорқытқан.

АҚШ билігі оқушыларды іздестіру үшін Нигерияға бір топ сарапшыны жіберді.